Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде, Астана – ең алдымен азаматтығымыздың символы, Қазақстанның жаңа тарихының қарқынды дамуының, қол жеткізген жетістіктерінің жарқын көрінісі. Жаңа Елордамыз географиялық тұрғыдан алғанда еліміздің орта тұсында, экономикалық тұрғыдан алғанда оңтайлы мекенге орналасқан. Ең бастысы, кезінде «тың өлкесі» деп жерімізді бөлшектеп алуға тырысқан әлдекімдердің жымысқы ниетіне тосқауыл қойылды. Астана арқылы халқымыз өз жеріне ие болды.
VII шақырылған Райымбек аудандық мәслихатының және оның аппаратының 2022 жылдың ІІ тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ««Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы №47-VI Заңын жүзеге асыруда аудан көлемінде атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы» мәселе бойыншакөпшілік тыңдау өткізіледі.
Баяндамашы: С. Сатылғанов- Райымбек ауданы әкімінің орынбасары.
Көпшілік тыңдау 2022 жылы 23 мамыр күні сағат 1500-де аудандық мәдениет үйінде өтеді.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 3-тармағына сәйкес, Райымбек аудандық мәслихатының VII шақырылымындағы кезектен тыс ХХV сессиясы 2022 жылғы 28 наурыз күнгі сағат 15.00-де Нарынқол ауылында аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «офлайн» және «онлайн» режимдерінде «Zoom» платформасы арқылы қашықтықтан өтетіні жайында хабардар етемін.
Аудандық мәслихаттың депутаттарын тіркеу 2022 жылғы 28 наурыз күнгі сағат 14.50-ден бастап «офлайн» және «онлайн» режимінде аудандық мәслихатта жүргізіледі.
Сессия қарауына мына төмендегідей мәселе ұсынылады:
VІI шақырылған Райымбек аудандық мәслихатының хатшысын сайлау туралы.