Алтыншы шақырылған Райымбек аудандық мәслихатының «Әлеуметтік-мәдени даму, құқық, қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері  жөніндегі тұрақты комиссия» отырысы 2020 жылдың 3 наурызында  аудандық әкімдіктің үлкен залында кезекті отырысын өткізді.

Тұрақты комиссия отырысына аудан әкімінің орынбасары Самат Сатылғанов, аудан әкімі аппаратының басшысы, мәслихат депутаттары, Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ  басшысы, ауданның «Білім бөлімі» ММ басшысы, Аудандық кірістер басқармасының басшысы, Райымбек ауданы Нарынқол ауылы ШЖҚ   «Аудандық аурухана» МКҚ-ның   директоры,  «Кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысының орынбасары, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, мектеп директорлары, мектеп асханаларында оқушыларға тамақтандыруды ұйымдастырумен айналысатын жеке кәсіпкерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып отырды.

Аудандық мәслихат депутаты, тұрақты комиссияның төрағасы С.Мүсірбаев төрағалық етіп, жүргізіп отырды.

Аталған отырыстың күн тәртібінде «Аудандағы білім беру мекемелерінің оқулықтармен қамтамасыз етілу жағдайы туралы» және   «Аудан мектептерінің ыстық тамақпен қамтылуы туралы» мәселелер көтерілді. Бұл жөнінде хабарламаны - ауданның «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  басшысы  Үмбеталиев  Саят Ерсайынұлы жасады. Аталған мәселелер бойынша мәслихат депутаты Д.Ерназарұлы, аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасымен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Ф.Ережепова қосымша анықтамалар беріп, зерделеудің қортындыларымен таныстырды.

Күн тәртібіндегі мәселе қаралып болған соң, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14 және 15-баптарына сәйкес аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы қаулы қабылдады.

Оқушылардың оқулықпен, тегін ыстық тамақпен қамтылуы үнемі аудандық мәслихат депутаттарының бақылауда болатындығы аталып өтілді.

1 2 3
4 5

 

 

Арипова Гулнара Рауанқызы

Райымбек аудандық мәслихатының хатшысы

Анонстар

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА Райымбек аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына

         VII шақырылған Райымбек аудандық мәслихатының және оның аппаратының 2022 жылдың ІІ тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ««Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы №47-VI Заңын жүзеге асыруда аудан көлемінде атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы» мәселе бойынша көпшілік тыңдау өткізіледі.

          Баяндамашы: С. Сатылғанов- Райымбек ауданы әкімінің орынбасары.

          Көпшілік тыңдау 2022 жылы 23 мамыр күні сағат 1500-де аудандық мәдениет үйінде өтеді.

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА Райымбек аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына

 

Толығырық ...

ХАБАРЛАНДЫРУ! АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА Райымбек аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 3-тармағына сәйкес, Райымбек аудандық мәслихатының VII шақырылымындағы кезектен тыс ХХV сессиясы 2022 жылғы 28 наурыз  күнгі сағат 15.00-де Нарынқол ауылында аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «офлайн» және «онлайн» режимдерінде «Zoom» платформасы арқылы қашықтықтан  өтетіні жайында  хабардар  етемін.   

      Аудандық мәслихаттың депутаттарын  тіркеу 2022 жылғы  28 наурыз күнгі  сағат 14.50-ден бастап «офлайн» және «онлайн» режимінде аудандық мәслихатта жүргізіледі.  

      Сессия  қарауына мына төмендегідей мәселе ұсынылады:

      VІI шақырылған Райымбек аудандық мәслихатының хатшысын сайлау туралы.

         Аудандық мәслихат хатшысының м.у.а.                     С. Мүсірбаев

Санауыш

4240719
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Соңғы ай
Барлық уақытта
655
1420
12638
4213175
2075
44247
4240719
Сіздің IP: 3.238.125.76
02-07-2022 16:56