ЖОБА

Райымбек ауданы елді мекендерінің
шекарасын (шегін) өзгерту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4,13) тармақшаларына, 31-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Райымбек аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Райымбек ауданының ауылдық елді мекендерін дамыту және салу схемаларына (оңайлатылған бас жоспарына) сәйкес аудан елді мекендерінің шекарасы (шегін) өзгертілсін:
    1. Алғабас ауылдық округі елді мекендерінің шекарасына барлығы 18,0 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: Алғабас ауылына – 7,0 гектар, Жаңаталап ауылына – 9,0 гектар, Жинишке ауылына – 2,0 гектар;
    2. Жалаңаш ауылдық округі елді мекендерінің шекарасына барлығы 3,50 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: Жайдақбұлақ ауылына – 3,50 гектар;
    3. Жылысай ауылдық округі елді мекендерінің шекарасына барлығы 5,70 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: Мойнақ ауылына – 3,10 гектар, Шыбышы ауылына – 2,60 гектар;
    4. Кеген ауылдық округі елді мекендерінің шекарасына барлығы 5,90 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: Түменбай ауылына – 3,60 гектар, Темірлік ауылына – 2,30 гектар;
    5. Қарасаз ауылдық округі елді мекендерінің шекарасына барлығы 4,00 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: Тұзкөл ауылына – 4,00 гектар;
    6. Қарқара ауылдық округі елді мекендерінің шекарасына барлығы 6,8 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: Ереуіл ауылына – 3,00 гектар, Мыңжылқы ауылына – 3,80 гектар;
    7. Қақпақ ауылдық округі елді мекендерінің шекарасына барлығы 7,80 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: Көкбел ауылына – 7,80 гектар;
    8. Қарабұлақ ауылдық округі елді мекендерінің шекарасына барлығы 1,90 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: Қарабұлақ ауылына – 1,90 гектар;
    9. Нарынқол ауылдық округі елді мекендерінің шекарасына барлығы 8,65 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: Қостөбе ауылына – 8,65 гектар;
    10. Сарыжаз ауылдық округі елді мекендерінің шекарасына барлығы 7,84 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: Ақбейіт ауылына – 5,04 гектар, Көмірші ауылына – 2,80 гектар;
    11. Саты ауылдық округі елді мекендерінің шекарасына барлығы 3,20 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: Күрметі ауылына – 3,20 гектар;
    12. Текес ауылдық округі елді мекендерінің шекарасына барлығы 3,20 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: Күрметі ауылына – 3,20 гектар;
    13. Тасашы ауылдық округі елді мекендерінің шекарасына барлығы 18,6 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: Жаңа Тасашы ауылына – 3,6 гектар, Тасашы ауылына – 8,10 гектар, Ақтасты ауылына – 4,50 гектар, Сарыкөл ауылына – 2,40 гектар;
    14. Тұйық ауылдық округі елді мекендерінің шекарасына барлығы 18,10 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: Тұйық ауылына – 18,10 гектар;
    15. Шырғанақ ауылдық округі елді мекендерінің шекарасына барлығы 18,8 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: Көкпияз ауылына – 3,20 гектар, Талды ауылына – 7,50 гектар, Кеңсу ауылына – 4,00 гектар, Қызылжар ауылына – 1,50 гектар, Кіші-Қарқара ауылына – 2,60 гектар;
    16. Ұзынбұлақ ауылдық округі елді мекендерінің шекарасына барлығы 63,4 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: Ақсай ауылына – 58,50 гектар, Жалаулы ауылына – 4,90 гектар;
  2. Жер учаскелері бөлінеді деп танылсын.
  3. Райымбек аудандық «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Р. Әділжанов) қолданылып жүрген жер-есебі құжаттамаларына өзгертулер енгізсін.
  4. Осы бірлескен аудан әкімдігінің қаулысы мен мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасарына (Қ.Төлепбердиев) жүктелсін.
  5. Осы бірлескен аудан әкімдігінің қаулысы мен мәслихаттың шешіміне бақылау жасау мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқару, экономикалық реформа, әлеуметтік даму, бюджет, өнеркәсіп, құрылыс, байланыс, транспорт, коммуникация энергетика, отын ресурстары және ауылшаруашылығы, жер қатынастарын реттеу, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясына (Н.Алиев.) тапсырылсын.
  6. Бөлім басшысына (келісім бойынша Әділжанов Р.) осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
  7. Осы аудан әкімдігінің қаулысы мен аудандық мәслихат шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Райымбек ауданының әкімі Ж. Тажиев

Мәслихаттың сессия төрағасы М. Тұрлықожаев

Мәслихат хатшысы Е.Құдабаев

 

 

Арипова Гулнара Рауанқызы

Райымбек аудандық мәслихатының хатшысы

Анонстар

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА Райымбек аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына

         VII шақырылған Райымбек аудандық мәслихатының және оның аппаратының 2022 жылдың ІІ тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ««Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы №47-VI Заңын жүзеге асыруда аудан көлемінде атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы» мәселе бойынша көпшілік тыңдау өткізіледі.

          Баяндамашы: С. Сатылғанов- Райымбек ауданы әкімінің орынбасары.

          Көпшілік тыңдау 2022 жылы 23 мамыр күні сағат 1500-де аудандық мәдениет үйінде өтеді.

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА Райымбек аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына

 

Толығырық ...

ХАБАРЛАНДЫРУ! АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА Райымбек аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 3-тармағына сәйкес, Райымбек аудандық мәслихатының VII шақырылымындағы кезектен тыс ХХV сессиясы 2022 жылғы 28 наурыз  күнгі сағат 15.00-де Нарынқол ауылында аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «офлайн» және «онлайн» режимдерінде «Zoom» платформасы арқылы қашықтықтан  өтетіні жайында  хабардар  етемін.   

      Аудандық мәслихаттың депутаттарын  тіркеу 2022 жылғы  28 наурыз күнгі  сағат 14.50-ден бастап «офлайн» және «онлайн» режимінде аудандық мәслихатта жүргізіледі.  

      Сессия  қарауына мына төмендегідей мәселе ұсынылады:

      VІI шақырылған Райымбек аудандық мәслихатының хатшысын сайлау туралы.

         Аудандық мәслихат хатшысының м.у.а.                     С. Мүсірбаев

Санауыш

4240670
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Соңғы ай
Барлық уақытта
606
1420
12589
4213175
2026
44247
4240670
Сіздің IP: 3.238.125.76
02-07-2022 16:29