Арипова Гулнара Рауанқызы
Райымбек аудандық мәслихатының хатшысы
1965 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қайнар ауылында туған. Білімі жоғары. 1987 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін «Тарих және қоғамтану пәні» мұғалімі, 2002 жылы Қазақ Академиялық Университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1987 жылы Орал педагогикалық Университетінің «Саясаттану» пәндері кафедрасының оқытушысы болып бастаған.
1991-1994 жылдары Алматы зооветеринарлық институтында аға оқытушы, 1994-1999 жылдары Қазақ Мемлекеттік Заң Университетінде аға оқытушы-ғылыми қызметкер, 1999-2004 жылдары Қазақ Академиялық Университетінің тарих және заң факультеттерінің деканы, оқу ісі жөніндегі меңгерушісі, оқу ісі жөніндегі проректор, 2009-2013 жылдары Шәлкөде орта мектебінің мұғалімі, 2013-2014 жылдары №3 Кеген орта мектебінің мұғалімі, 2014-2019 жылдары аталған мектептің директоры, 2019-2022 жылдары «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, «AMANAT» партиясының атқарушысы хатшысы лауазымдарын атқарған. «Nur Otan» партиясынан сайланған VII шақырылған Райымбек аудандық мәслихатының депутаты.
Райымбек аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 наурыздағы № 25-109 шешімімен VII шақырылған Райымбек аудандық мәслихатының хатшысы болып сайланды.