Райымбек аудандық  мәслихатының

2019 жылғы «23  » қыркүйектегі

«Райымбек аудандық мәслихатының

аппараты» мемлекеттік мекемесінің

Ережесін бекіту туралы» № 59-280

шешімімен бекітілген қосымша

«Райымбек аудандық мәслихатының аппараты»

мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер 

1. «Райымбек аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Райымбек аудандық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметiн қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Райымбек аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Райымбек аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мәслихат аппараты) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің  актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге  асырады.

4. Мәслихат аппараты ұйымдастырушылық-құқықтық   нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз  атынан түседі.

6. Мәслихат аппараты егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Райымбек аудандық мәслихаты хатшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Мәслихат аппаратының  құрылымы мен штат санының лимиті  қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 041419, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы,  Абай көшесі, № 100 .

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Райымбек аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі .

11. Осы  Ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып  табылады.

12. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Райымбек аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі. 

2. Мәслихат аппаратының миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері 

14. Мәслихат аппаратының миссиясы: Райымбек аудандық мәслихатының тиімді қызметiн қамтамасыз ету.                                                             

15. Міндеттері: Райымбек аудандық мәслихатының ұйымдастырушылық және сессиялық қызметін қамтамасыз ету.

16. Функциялары:

1) аудандық  мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметiн ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету;         

 2) аудандық мәслихаттың қарауына енгізілетін нормативтік-құқықтық актілердің және өзге де шешімдердің жобаларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келуін қадағалау, аудандық мәслихатпен қабылданған нормативтік-құқықтық актілерге  мониторинг жүргізу;      

3) аудандық мәслихаттың қызметін қамтамасыз ету шығындарын айқындау, іс-сапар шығындарын өтеу, депутаттарды қажетті кеңсе құралдарымен және депутаттық қызметті жүзеге асыру үшін өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;

4) аудандық мәслихаттың және оның органдары мен депутаттарының қызметі туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау,   аудандық  мәслихатпен қабылданған нормативтік-құқықтық актілерді жариялау; 

5) түскен ақпаратты, атқарушы органдар басшыларының есептерін жинақтау, талдау, талдау материалдарын әзірлеу;     

6) аудандық  мәслихат аппаратының ресми веб-сайтында аудандық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметі туралы  ақпаратты орналастыру;

7) аудандық мәслихат аппараты қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылатылуын және қайта даярлануын қамтамасыз ету;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен мәслихат аппаратына жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

17. Құқықтары мен міндеттері:                                   

1) мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан жоспарланып отырған аудандық мәслихаттың сессияларының және тұрақты (уақытша) комиссиялардың отырыстарының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ақпаратты сұрау;                                 

2) депутаттық сауалдардың және депутаттық ұсыныстардың мерзімінде қаралуын және орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдарға және мекемелерге сұраулар жолдау;                                                        3) аудандық мәслихатқа жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралу мерзімдеріне және нәтижесіне бақылау жасау;                           4) аудандық мәслихаттың сессияларының және тұрақты комиссиялардың отырыстарының хаттамаларының жүргізілуін қамтамасыз ету;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзіреті шегінде басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.                    

3. Мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастыру

         18. Мәслихат аппаратына басшылықты мәслихат хатшысы жүзеге асырады, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.                  

19. Аудандық мәслихаттың хатшысын мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады.

20. Аудандық мәслихат хатшысының орынбасарлары болмайды.

21. Аудандық мәслихат хатшысының өкілеттігі:                        

1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;

2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегi жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;

3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;

4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;      

6) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;

7) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;

8) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;

9) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметiн үйлестiредi;

10) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;    
       11) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;

12) мәслихат шешiмi бойынша өзге де мiндеттердi орындайды.

 Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.                           22. Мәслихат аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке сайланатын және қызметтен босатылатын аудандық мәслихаттың хатшысы басқарады.

4. Мәслихат аппаратының мүлкi 

23. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда  жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.        

Мәслихат аппаратының мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ  өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.                                                            

24. Мәслихат аппаратына бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе,  мәслихаттың аппараты, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мәслихат аппаратының қайта ұйымдастырылуы және тарату 

26. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.                 

 

 

Арипова Гулнара Рауанқызы

Райымбек аудандық мәслихатының хатшысы

Анонстар

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА Райымбек аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына

         VII шақырылған Райымбек аудандық мәслихатының және оның аппаратының 2022 жылдың ІІ тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ««Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы №47-VI Заңын жүзеге асыруда аудан көлемінде атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы» мәселе бойынша көпшілік тыңдау өткізіледі.

          Баяндамашы: С. Сатылғанов- Райымбек ауданы әкімінің орынбасары.

          Көпшілік тыңдау 2022 жылы 23 мамыр күні сағат 1500-де аудандық мәдениет үйінде өтеді.

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА Райымбек аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына

 

Толығырық ...

ХАБАРЛАНДЫРУ! АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА Райымбек аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 3-тармағына сәйкес, Райымбек аудандық мәслихатының VII шақырылымындағы кезектен тыс ХХV сессиясы 2022 жылғы 28 наурыз  күнгі сағат 15.00-де Нарынқол ауылында аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «офлайн» және «онлайн» режимдерінде «Zoom» платформасы арқылы қашықтықтан  өтетіні жайында  хабардар  етемін.   

      Аудандық мәслихаттың депутаттарын  тіркеу 2022 жылғы  28 наурыз күнгі  сағат 14.50-ден бастап «офлайн» және «онлайн» режимінде аудандық мәслихатта жүргізіледі.  

      Сессия  қарауына мына төмендегідей мәселе ұсынылады:

      VІI шақырылған Райымбек аудандық мәслихатының хатшысын сайлау туралы.

         Аудандық мәслихат хатшысының м.у.а.                     С. Мүсірбаев

Санауыш

4314543
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Соңғы ай
Барлық уақытта
925
915
10392
4292794
10392
65507
4314543
Сіздің IP: 44.210.21.70
08-08-2022 13:46