«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 3-тармағына сәйкес, Райымбек аудандық мәслихатының VII шақырылымындағы кезекті сессиясы 2022 жылғы 30 наурыз күнгі  сағат 11.00-де Нарынқол ауылында аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтетіні жайында хабардар  етемін.   

 

     Аудандық мәслихаттың депутаттарын  тіркеу 2022 жылғы  30 наурыз күнгі  сағат 9.30-дан бастап мәслихатта жүргізіледі. Мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы сағат 10.00-де  өткізіледі.       

      Сессия  қарауына мына төмендегідей мәселелер ұсынылады:

      1.     «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі  № 360-VI Кодексінің аясында аудан халқының денсаулығын сақтау мен нығайтуда және қолжетімді әрі сапалы медициналық көмек көрсетуде аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы. 

      Баяндамашы: Сағатбекұлы Н. –      аудан әкімінің орынбасары   

      2.     Аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, құқық, қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі тұрақты комиссиясының қызметі туралы есебі.

     Баяндамашы: Раева Б.А. – мәслихаттың тұрақты комиссия төрағасы

     3.     Райымбек ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы. 

     Хабарламашы: Абдраманов С.Қ. – аудан әкімі аппаратының заң және мемлекеттік құқық бөлімінің басшысы

     4.     Райымбек аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы «Райымбек ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» № 49-235 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

     Хабарламашы: Ташиев Р.А. –   аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық, ақпараттық-талдау бөлімінің басшысы

     5.     Райымбек аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 ақпандағы  «Райымбек ауданының Ұзақ батыр ауылдық округіне қатысты Сарыбастау ауылын Нүсіпбек Әшімбаев ауылы деп өзгерту туралы» № 24 – 102 шешімін жою туралы.

     Хабарламашы: Қоқымбаева Ж.О. – «Райымбек ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

         Аудандық мәслихат хатшысының м.у.а.:                     С. Мүсірбаев

 

 

Арипова Гулнара Рауанқызы

Райымбек аудандық мәслихатының хатшысы

Анонстар

Мәслихатының кезектен тыс ХХХV сессиясы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы  3-тармағына сәйкес VII шақырылған Райымбек аудандық мәслихатының   кезектен тыс  ХХХV сессиясы 2022 жылдың 16 қыркүйегі күні сағат 10.00-де онлайн режимде ZOOM  платформасы арқылы  өтеді.     

Мәслихатының кезектен тыс ХХХІV сессиясы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы  3-тармағына сәйкес VII шақырылған Райымбек аудандық мәслихатының   кезектен тыс  ХХХІV сессиясы 2022 жылдың 9 қыркүйегі күні сағат 10.00-де онлайн режимде ZOOM  платформасы арқылы  өтеді.     

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА Райымбек аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына

         VII шақырылған Райымбек аудандық мәслихатының және оның аппаратының 2022 жылдың ІІ тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ««Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы №47-VI Заңын жүзеге асыруда аудан көлемінде атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы» мәселе бойынша көпшілік тыңдау өткізіледі.

          Баяндамашы: С. Сатылғанов- Райымбек ауданы әкімінің орынбасары.

          Көпшілік тыңдау 2022 жылы 23 мамыр күні сағат 1500-де аудандық мәдениет үйінде өтеді.

Санауыш

4366116
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Соңғы ай
Барлық уақытта
42
385
4385
4346444
28346
33619
4366116
Сіздің IP: 44.201.95.84
25-09-2022 02:17