Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы-ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының біркелкі көгілдер түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады. Геральдика тілінде көк түс пен оның реңктері адам бойындағы адалдық, тазалық, үміт сияқты қасиеттеріне сәйкес келеді. Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелесе, дала бүркіті қазақстандықтар ұғымында дарқандық пен қырағылық, биіктік белгісі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы- суретші Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы - дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу - алтын түстес.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес. Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі.
Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары- сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.

 

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимні

Сөзін жазғандар:
Жұмекен Нәжімеденов
Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған:
Шәмші Қалдаяқов

 

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой!

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

 

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің – Қазақстаным!

 

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар

Қарсы алған уақытты

Мәңгілік досындай

Біздің ел бақытты

Біздің ел осындай!

 

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің – Қазақстаным! 

 

 

 

Арипова Гулнара Рауанқызы

Райымбек аудандық мәслихатының хатшысы

Анонстар

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА Райымбек аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына

         VII шақырылған Райымбек аудандық мәслихатының және оның аппаратының 2022 жылдың ІІ тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ««Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы №47-VI Заңын жүзеге асыруда аудан көлемінде атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы» мәселе бойынша көпшілік тыңдау өткізіледі.

          Баяндамашы: С. Сатылғанов- Райымбек ауданы әкімінің орынбасары.

          Көпшілік тыңдау 2022 жылы 23 мамыр күні сағат 1500-де аудандық мәдениет үйінде өтеді.

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА Райымбек аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына

 

Толығырық ...

ХАБАРЛАНДЫРУ! АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА Райымбек аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 3-тармағына сәйкес, Райымбек аудандық мәслихатының VII шақырылымындағы кезектен тыс ХХV сессиясы 2022 жылғы 28 наурыз  күнгі сағат 15.00-де Нарынқол ауылында аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «офлайн» және «онлайн» режимдерінде «Zoom» платформасы арқылы қашықтықтан  өтетіні жайында  хабардар  етемін.   

      Аудандық мәслихаттың депутаттарын  тіркеу 2022 жылғы  28 наурыз күнгі  сағат 14.50-ден бастап «офлайн» және «онлайн» режимінде аудандық мәслихатта жүргізіледі.  

      Сессия  қарауына мына төмендегідей мәселе ұсынылады:

      VІI шақырылған Райымбек аудандық мәслихатының хатшысын сайлау туралы.

         Аудандық мәслихат хатшысының м.у.а.                     С. Мүсірбаев

Санауыш

4240864
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Соңғы ай
Барлық уақытта
800
1420
12783
4213175
2220
44247
4240864
Сіздің IP: 3.238.125.76
02-07-2022 18:19