Күн тәртібіне Қазақстан Республикасының "Қоғамдық Кеңестер туралы" Заңының 23-бабына сәйкес келесі мәселе енгізіліп отыр:
1. Аудан көлемінде көктемгі дала жұмыстарына дайындықтың барысы туралы;
2. Райымбек аудандық Қоғамдық кеңесі 2021 жылғы қыркүйек айында өткен отырысында, аудандық «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы атқарылған жұмыстары туралы қаралған қаулының орындалуы жайлы;
3. Райымбек ауданы бойынша салық салу обьектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффицентін бекіту туралы аудан әкімінің қаулысының жобасына келісім ;
Райымбек аудандық
қоғамдық кеңесінің төрағасы Ә. Нөкеев
Күн тәртібіне Қазақстан Республикасының "Қоғамдық Кеңестер туралы" Заңының 23-бабына сәйкес келесі мәселе енгізіліп отыр:
1. Райымбек ауданның « Бұқаралық спорттық іс шаралар өткізу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорының 2021 жылғы атқарылған жұмыстары және алда тұрған міндеттері жайлы есебі.
(Қосымша баяндама)
«Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Райымбек ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы атқарылған жұмыстары және алда тұрған міндеттері жайлы есебі.
2. Ауданның «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жөнінде атқарылып жатқан жұмыстары және көрсетілетін қызметтер сапасы туралы.
VII шақырылған Райымбек аудандық мәслихатының және оның аппаратының 2022 жылдың ІІ тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ««Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы №47-VI Заңын жүзеге асыруда аудан көлемінде атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы» мәселе бойыншакөпшілік тыңдау өткізіледі.
Баяндамашы: С. Сатылғанов- Райымбек ауданы әкімінің орынбасары.
Көпшілік тыңдау 2022 жылы 23 мамыр күні сағат 1500-де аудандық мәдениет үйінде өтеді.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 3-тармағына сәйкес, Райымбек аудандық мәслихатының VII шақырылымындағы кезектен тыс ХХV сессиясы 2022 жылғы 28 наурыз күнгі сағат 15.00-де Нарынқол ауылында аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «офлайн» және «онлайн» режимдерінде «Zoom» платформасы арқылы қашықтықтан өтетіні жайында хабардар етемін.
Аудандық мәслихаттың депутаттарын тіркеу 2022 жылғы 28 наурыз күнгі сағат 14.50-ден бастап «офлайн» және «онлайн» режимінде аудандық мәслихатта жүргізіледі.
Сессия қарауына мына төмендегідей мәселе ұсынылады:
VІI шақырылған Райымбек аудандық мәслихатының хатшысын сайлау туралы.