Райымбек аудандық қоғамдық кеңесінің шығып қалған мүшелерінің орнына қосымша   конкурс өткізілетіндігі туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

Райымбек аудандық қоғамдық кеңесі  өзінің құрамынан шығып қалған мүшеслерінің орнына 4 (төрт) жаңа мүше сайлау жөнінде қосымша конкурстың өткізілетіндігін  хабарлайды. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдардан, азаматтар ұсынуы мүмкін. Конкурсқа қатысу үшін:

1) Кандидаттың өмірбаян деректері және кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер көрсетілетін кандидатураны қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші (ұсыныстардың үлгілерін Райымбек аудандық мәслихатының интернет-ресурсынан жүктеуге болады)

2) коммерциялық емес ұйымның әділет органдарында тіркелгендігі туралы құжаттың ксерокөшірмесі

3) кандидаттың жеке куәлігінің немесе паспортының ксерокөшірмесі

4) кандидаттың ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10- бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетіндігін растайтын құжаттар (халыққа қызмет көрсету орталығынан кандидаттың мекен жай анықтамасы, кандидаттың сотталғандығының болмауы туралы анықтамасы. Денсаулық сақтау ұйымдарынан кандидаттың психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты есепте тұрмағандығы туралы анықтамалар).

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар қоғамдық кеңестерге сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

Құжаттарды тапсыру мерзімі 2022 жылғы мамыр айының 11-нен 24-не дейін.

         Райымбек ауданының қоғамдық кеңесі мүшелігіне кандидаттар туралы ұсыныстарды және өтініштерді қабылдайтын мемлекеттік орган – Райымбек аудандық мәслихатының аппараты, пошта мекенжайы: Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы, Райымбек көшесі № 22, 202 бөлме,  индекс 041419, электрондық поштаның мекенжайы - This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

 

Арипова Гулнара Рауанқызы

Райымбек аудандық мәслихатының хатшысы

Анонстар

Мәслихатының кезектен тыс ХХХV сессиясы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы  3-тармағына сәйкес VII шақырылған Райымбек аудандық мәслихатының   кезектен тыс  ХХХV сессиясы 2022 жылдың 16 қыркүйегі күні сағат 10.00-де онлайн режимде ZOOM  платформасы арқылы  өтеді.     

Мәслихатының кезектен тыс ХХХІV сессиясы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы  3-тармағына сәйкес VII шақырылған Райымбек аудандық мәслихатының   кезектен тыс  ХХХІV сессиясы 2022 жылдың 9 қыркүйегі күні сағат 10.00-де онлайн режимде ZOOM  платформасы арқылы  өтеді.     

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА Райымбек аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына

         VII шақырылған Райымбек аудандық мәслихатының және оның аппаратының 2022 жылдың ІІ тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ««Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы №47-VI Заңын жүзеге асыруда аудан көлемінде атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы» мәселе бойынша көпшілік тыңдау өткізіледі.

          Баяндамашы: С. Сатылғанов- Райымбек ауданы әкімінің орынбасары.

          Көпшілік тыңдау 2022 жылы 23 мамыр күні сағат 1500-де аудандық мәдениет үйінде өтеді.

Санауыш

4464337
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Соңғы ай
Барлық уақытта
671
887
7265
4443757
1558
45031
4464337
Сіздің IP: 34.229.119.176
02-12-2022 19:46