Райымбек аудандық қоғамдық кеңесі өзінің құрамынан шығып қалған мүшесінің орнына 1 (бір) жаңа мүше сайлау жөнінде қосымша конкурстың өткізілетіндігін хабарлайды. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдардан, азаматтар ұсынуы мүмкін. Конкурсқа қатысу үшін:
1) Кандидаттың өмірбаян деректері және кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер көрсетілетін кандидатураны қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші (ұсыныстардың үлгілерін Райымбек аудандық мәслихатының интернет-ресурсынан жүктеуге болады)
2) коммерциялық емес ұйымның әділет органдарында тіркелгендігі туралы құжаттың ксерокөшірмесі
3) кандидаттың жеке куәлігінің немесе паспортының ксерокөшірмесі
4) кандидаттың ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10- бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетіндігін растайтын құжаттар (халыққа қызмет көрсету орталығынан кандидаттың мекен жай анықтамасы, кандидаттың сотталғандығының болмауы туралы анықтамасы. Денсаулық сақтау ұйымдарынан кандидаттың психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты есепте тұрмағандығы туралы анықтамалар).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар қоғамдық кеңестерге сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
Құжаттарды тапсыру мерзімі 2022 жылғы қыркүйек айының 19-нан 30-на дейін.
Райымбек ауданының қоғамдық кеңесі мүшелігіне кандидаттар туралы ұсыныстарды және өтініштерді қабылдайтын мемлекеттік орган – Райымбек аудандық мәслихатының аппараты, пошта мекенжайы: Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы, Райымбек көшесі № 22, 202 бөлме, индекс 041419, электрондық поштаның мекенжайы - This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.