Райымбек аудандық қоғамдық кеңесінің шығып қалған мүшелерінің орнына қосымша   конкурс өткізілетіндігі туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

Райымбек аудандық қоғамдық кеңесі  өзінің құрамынан шығып қалған мүшеслерінің орнына 4 (төрт) жаңа мүше сайлау жөнінде қосымша конкурстың өткізілетіндігін  хабарлайды. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдардан, азаматтар ұсынуы мүмкін. Конкурсқа қатысу үшін:

1) Кандидаттың өмірбаян деректері және кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер көрсетілетін кандидатураны қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші (ұсыныстардың үлгілерін Райымбек аудандық мәслихатының интернет-ресурсынан жүктеуге болады)

2) коммерциялық емес ұйымның әділет органдарында тіркелгендігі туралы құжаттың ксерокөшірмесі

3) кандидаттың жеке куәлігінің немесе паспортының ксерокөшірмесі

4) кандидаттың ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10- бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетіндігін растайтын құжаттар (халыққа қызмет көрсету орталығынан кандидаттың мекен жай анықтамасы, кандидаттың сотталғандығының болмауы туралы анықтамасы. Денсаулық сақтау ұйымдарынан кандидаттың психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты есепте тұрмағандығы туралы анықтамалар).

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар қоғамдық кеңестерге сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

Құжаттарды тапсыру мерзімі 2022 жылғы мамыр айының 11-нен 24-не дейін.

         Райымбек ауданының қоғамдық кеңесі мүшелігіне кандидаттар туралы ұсыныстарды және өтініштерді қабылдайтын мемлекеттік орган – Райымбек аудандық мәслихатының аппараты, пошта мекенжайы: Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы, Райымбек көшесі № 22, 202 бөлме,  индекс 041419, электрондық поштаның мекенжайы - This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

 

Арипова Гулнара Рауанқызы

Райымбек аудандық мәслихатының хатшысы

Анонстар

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА Райымбек аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 3-тармағына сәйкес Райымбек аудандық мәслихатының жетінші  шақырылымындағы кезекті сессиясы 2022 жылғы 28 желтоқсан күнгі сағат 11.00-де  аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында өтеді.   

Толығырақ

Алматы облысы Райымбек ауданы мәслихатының сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10- бабына сәйкес Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихаты №770 учаскелік сайлау комиссиясының құрамынан шығып қалған 1 (бір) мүшесінің, №783 учаскелік сайлау комиссиясының құрамынан шығып қалған 1 (бір) мүшесінің құрамына өзгерістер енгізу бойынша конкурс өткізілетіні  туралы хабарлайды.

Мәслихатының кезектен тыс ХХХV сессиясы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы  3-тармағына сәйкес VII шақырылған Райымбек аудандық мәслихатының   кезектен тыс  ХХХV сессиясы 2022 жылдың 16 қыркүйегі күні сағат 10.00-де онлайн режимде ZOOM  платформасы арқылы  өтеді.     

Санауыш

4539360
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Соңғы ай
Барлық уақытта
644
955
1599
4533056
4996
21398
4539360
Сіздің IP: 3.236.70.233
07-02-2023 17:39