«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 3-тармағына сәйкес Райымбек аудандық мәслихатының жетінші шақырылымындағы кезекті сессиясы 2022 жылғы 28 желтоқсан күнгі сағат 11.00-де аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында өтеді.
Аудандық мәслихаттың депутаттарын тіркеу 2022 жылғы 28 желтоқсан күнгі күнгі сағат 9.00-ден бастап мәслихатта жүргізіледі.
«Депутат оқуы» сағат 9.00-де, тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы сағат 10.00-де өткізіледі.
Сессия қарауына мына төмендегідей мәселелер ұсынылады:
- Райымбек ауданының 2023 – 2025 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы.
Хабарламашы: Аметов Е.Д. – ауданның «Экономика және қаржы
бөлімі» мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін уақытша
атқарушы
- Мәслихат хатшысының VII шақырылған Райымбек аудандық мәслихатының қызметін ұйымдастыруда 2022 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі.
Баяндамашы: Арипова Г.Р. – Райымбек аудандық мәслихатының
хатшысы
- Келіп түсуіне байланысты басқа да мәселелер.
Сессия жұмысына қатынасуға аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округтердің әкімдері, бюджет әкімгерлері, мекеме, құқық қорғау органдарының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады.