«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 3-тармағына сәйкес Райымбек аудандық мәслихатының жетінші шақырылымындағы кезекті сессиясы 2022 жылғы 28 желтоқсан күнгі сағат 11.00-де аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында өтеді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10- бабына сәйкес Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихаты №770 учаскелік сайлау комиссиясының құрамынан шығып қалған 1 (бір) мүшесінің, №783 учаскелік сайлау комиссиясының құрамынан шығып қалған 1 (бір) мүшесінің құрамына өзгерістер енгізу бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 3-тармағына сәйкес VII шақырылған Райымбек аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХХV сессиясы 2022 жылдың 16 қыркүйегі күні сағат 10.00-де онлайн режимде ZOOM платформасы арқылы өтеді.