VII шақырылған Райымбек аудандық мәслихатының және оның аппаратының 2022 жылдың ІІ тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ««Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы №47-VI Заңын жүзеге асыруда аудан көлемінде атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы» мәселе бойынша көпшілік тыңдау өткізіледі.
Баяндамашы: С. Сатылғанов- Райымбек ауданы әкімінің орынбасары.
Көпшілік тыңдау 2022 жылы 23 мамыр күні сағат 1500-де аудандық мәдениет үйінде өтеді.
Толығырық ...
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 3-тармағына сәйкес, Райымбек аудандық мәслихатының VII шақырылымындағы кезектен тыс ХХV сессиясы 2022 жылғы 28 наурыз күнгі сағат 15.00-де Нарынқол ауылында аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «офлайн» және «онлайн» режимдерінде «Zoom» платформасы арқылы қашықтықтан өтетіні жайында хабардар етемін.
Аудандық мәслихаттың депутаттарын тіркеу 2022 жылғы 28 наурыз күнгі сағат 14.50-ден бастап «офлайн» және «онлайн» режимінде аудандық мәслихатта жүргізіледі.
Сессия қарауына мына төмендегідей мәселе ұсынылады:
VІI шақырылған Райымбек аудандық мәслихатының хатшысын сайлау туралы.
Аудандық мәслихат хатшысының м.у.а. С. Мүсірбаев