«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 3-тармағына сәйкес, Райымбек аудандық мәслихатының VII шақырылымындағы кезекті сессиясы 2022 жылғы 30 наурыз күнгі сағат 11.00-де Нарынқол ауылында аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтетіні жайында хабардар етемін.
Аудандық мәслихаттың депутаттарын тіркеу 2022 жылғы 30 наурыз күнгі сағат 9.30-дан бастап мәслихатта жүргізіледі. Мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы сағат 10.00-де өткізіледі.
Сессия қарауына мына төмендегідей мәселелер ұсынылады:
1. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI Кодексінің аясында аудан халқының денсаулығын сақтау мен нығайтуда және қолжетімді әрі сапалы медициналық көмек көрсетуде аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы.
Баяндамашы: Сағатбекұлы Н. – аудан әкімінің орынбасары
2. Аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, құқық, қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі тұрақты комиссиясының қызметі туралы есебі.
Баяндамашы: Раева Б.А. – мәслихаттың тұрақты комиссия төрағасы
3. Райымбек ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
Хабарламашы: Абдраманов С.Қ. – аудан әкімі аппаратының заң және мемлекеттік құқық бөлімінің басшысы
4. Райымбек аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы «Райымбек ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» № 49-235 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Ташиев Р.А. – аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық, ақпараттық-талдау бөлімінің басшысы
5. Райымбек аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 ақпандағы «Райымбек ауданының Ұзақ батыр ауылдық округіне қатысты Сарыбастау ауылын Нүсіпбек Әшімбаев ауылы деп өзгерту туралы» № 24 – 102 шешімін жою туралы.
Хабарламашы: Қоқымбаева Ж.О. – «Райымбек ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Аудандық мәслихат хатшысының м.у.а.: С. Мүсірбаев