Райымбек аудандық мәслихатының 2020 жылдың жоспарына сәйкес, ақпан айының 26 күні Райымбек аудандық мәслихатының хатшысы, Шәлкөде ауылдық округінің депутаты Құдабаев Ерлан Әкімбайұлы Қарасаз, Шәлкөде, Көмірші ауылдарына барып, сайлаушылармен кездесіп қайтты.

Қарасаз ауылында кездесу 26. 02. 2020 жылы сағат 10.00-де басталды.

Қабылдауға  Қарасаз өнер мектебінің мұғалімі, Қарасаз ауылдық қоғамдық кеңесінің мүшесі Серғазинова Құралай келді. Ол  азаматшаның өтінші: Қарасаз өнер мектебінің едендері мен қабырғалары   көгеріп кеткен, ол жерде балалар оқуға ешқандай мүмкіндіктің жоқ екенін айтып дабыл қақты. Осы мәселеге орай, өнер мектебін күрделі жөндеуден өткіземе, әлде жаңадан салып бере ме соны шешіп берсе. Депутат Е. Құдабаев айтылған мәселе бойынша аудан әкімі Н. К. Құдайбергеновке және аудандық «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы С. Умбеталиевке депутаттық сауал тастап, бұл мәселені ескерусіз қалдырмайтындығын атап айтты.

Сонымен қатар,  жердің құжаттарын, үйдің құжаттарын жасата алмай жүрген азаматтар да келді.

Ал, Шәлкөде ауылында қабылдау 26.02.2020 жылы сағат 12.00-де басталды. Қабылдауға Қошқар ауылының тұрғыны 84 жасар Оспанов Айса атты қария келді. Ол кісі өзінің қарындасы 63 жастағы Оспанова Асемханның жеке басының  куәлігін жасата алмай, Райымбек ауданының көші-қон полициясына бірнеше рет барып,  заң аясында ешқандай көмектің көрсетілмей отырғандығын айтты. Аталған мәселе бойынша, шұғыл түрде Райымбек аудандық ІІБ-не арнайы хат жолданып, жауабын 10 күннің ішінде хабарланатындығын атап айтты.

Кқмірші ауылындағы қабылдау 26.02.2020 жылы сағат 15.00-де басталды. Бұл ауылда да  жеке мәселелерімен келген  Курманбаев Мақсат, Иманалиев Ербол сынды азаматтар ауылдың да көкейкесті мәселелерімен бөлісті.

1 2 3
4

Анонстар

Санауыш

2501171
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Соңғы ай
Барлық уақытта
2808
4293
39651
2427633
11373
137886
2501171
Сіздің IP: 3.226.245.48
03-08-2020 15:03