Кеңес отырысына аудан әкімі Н.Құдайбергенов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімінің аппарат басшысы, қоғамдық кеңес мүшелері, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, облыстық мәслихат депутаты Б.Бірбаев, аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, ауылдық ақсақалдар алқасының төрағалары мен аналар кеңесінің төрайымдары және БАҚ өкілдері қатысты.

Қоғамдық ой-пікір, ұсыныс және көпшілік сұрақтарына жауап беруге арналған жиынды аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Ж.Үйсінбаев ашты.

Кеңестің күн тәртібіне сәйкес:  1. Аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Дина Молдағожеваның   2019 жылы атқарылған жұмыстар жәйлі есепті баяндамасы; 2. Ауданның «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2019 жылы атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы «Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы м.у.а. Батырханұлы Мұхтардың хабарламасы; 3. Аз қамтылған, көп балалы отбасыларды және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау туралы ауданның «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Берікбай Жанат Нұрбекұлының хабарламалары тыңдалып, талқыланды.

Сонымен қатар, алқалы жиын барысында қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, олардың орындалуы бақылауға қойылды.

4 5 6
7

Анонстар

2021 жылдың 14 қыркүйегінде Райымбек аудандық қоғамдық кеңесі отырысы өтті.

Райымбек аудандық қоғамдық кеңесінің 2021 жылға арналған жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде аудандық әкімдіктің үлкен залында өтті. Қоғамдық кеңесте 3 мәселе қаралды. Райымбек аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры С.Демеуовтің «Қылмыстың алдын алуда атқарып жатқан жұмыстары» туралы есебін баяндады. Ары қарай «Райымбек ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешім жобасы туралы аудан әкімі аппаратының заң және мемлекеттік - құқық бөлімінің бас инспекторы - Е.Керімбаев өз жұмысын алға тартты. Сондай-ақ Райымбек ауданының «Сәулет және қалақұрлысы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтер бойынша атқарған жұмыстары туралы ауданның «Сәулет және қалақұрылысы бөлімінің» мемлекеттік мекемесінің басшысы Д.Нұрғазы хабарлама жасады. Мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту және азаматтардың құқықтары мен мүдделерін бұзуға жол бермеу жөнінде нақты шаралар қабылдау қажет екендігін көрсете отырып, қоғамдық кеңес жиынының қортындысы бойынша бірқатар ұсынымдар қабылданды.

Райымбек ауданы әкімдігінің Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтетінінен хабардар етеміз

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының 14 бабына сәйкес, «Қоғамдық кеңестер туралы» және Қазақстан Республикасы Ақпараттық және әлеуметтік даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» № 69 бұйрығы бойынша, сіздерге 2021 жылдың 14 қыркүйегінде сағат 15:00-де Райымбек ауданы әкімдігінің Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтетінінен хабардар етеміз.

Райымбек ауданы әкімдігінің Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтетінінен хабардар етеміз

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының 14 бабына сәйкес, «Қоғамдық кеңестер туралы» және Қазақстан Республикасы Ақпараттық және әлеуметтік даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» № 69 бұйрығы бойынша, сіздерге 2021 жылдың 9 тамызында сағат 15:00-де Райымбек ауданы әкімдігінің Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтетінінен хабардар етеміз.

Санауыш

3977836
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Соңғы ай
Барлық уақытта
274
1201
28849
3942654
39279
103550
3977836
Сіздің IP: 54.91.62.236
17-01-2022 03:29