Райымбек ауданы бойынша
пайдаланылмайтын ауыл
шаруашылығы мақсатындағы
жерлерге жер салығының және
бірыңғай жер салығының
мөлшерлемелерін
жоғарылату туралы

Жоба

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабының 1-1-тармағына, 444-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Райымбек ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
  2. «Райымбек ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша Р.Әділжанов) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Райымбек аудандық мәслихатының «Өнеркәсіп, құрылыс, байланыс, транспорт, коммуникация, энергетика, отын ресурстары және ауылшаруашылығы, жер қатынастарын реттеу, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы

___________ Н.Алиев

Аудандық мәслихаттың
хатшысы

___________ Е.Құдабаев

Райымбек аудандық мәслихатының 2015 жылғы
«___» қазандағы «Райымбек ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» № ______ шешіміне келісім

«КЕЛІСІЛДІ»

«Райымбек ауданының жер
қатынастары бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
басшысы

Әділжанов Рахымбай

2015 жыл «___»__________

«Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Алматы облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Райымбек ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы

Игембаев Есболат
Мұратбекұлы

2015 жыл «__»__________

 

Интерактивті сұрақ

Сіздің округіңізден сайланған депутатты танисыз ба?

Анонстар

Санауыш

631024
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Соңғы ай
Барлық уақытта
228
2338
14688
599947
38192
48334
631024
Сіздің IP: 54.198.96.198
19-08-2018 04:18

Райымбек ауданының сайлау округтері

Для отображения блока требуется Flash Player
 

2013. Все права защищены. Публикация материалов сайта только с разрешения Маслихата Райымбекского района