Райымбек аудандық мәслихатының 2013 жылғы 21 желтоқсандағы «Райымбек ауданының 2014 – 2016 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» № 22-117 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 10 ақпандағы № 24-127 шешімі Алматы облыстық әділет департаментіне 2014 жылы 19 ақпанда 2585 номерімен тіркелген. Райымбек аудандық «Хантәңірі» газетінің 2014 жылғы 1 наурыздағы № 9 санына жарияланды.

Райымбек аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 ақпандағы «Райымбек ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» № 25-132 шешімі Алматы облыстық әділет департаментіне 2014 жылы 20 наурызда 2630 номерімен тіркелген. Райымбек аудандық «Хантәңірі» газетінің 2014 жылғы 12 сәуірдегі № 14 санына жарияланды.

Райымбек аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 ақпандағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 25-131 шешімі Алматы облыстық әділет департаментіне 2014 жылы 19 наурызда 2616 номерімен тіркелген. Райымбек аудандық «Хантәңірі» газетінің 2014 жылғы 12 сәуірдегі № 14 санына жарияланды.

Райымбек аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 ақпандағы «Райымбек аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» № 24-128 шешімі Алматы облыстық әділет департаментіне 2014 жылы 20 наурызда 2633 номерімен тіркелген. Райымбек аудандық «Хантәңірі» газетінің 2014 жылғы 12 сәуірдегі № 14 санына жарияланды.

Райымбек аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 наурыздағы «Райымбек ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» № 26-134 шешімі Алматы облыстық әділет департаментіне 2014 жылы 15 сәуірде 2670 номерімен тіркелген. Райымбек аудандық «Хантәңірі» газетінің 2014 жылғы 26 сәуірдегі № 16 санына жарияланды

Анонстар

2021 жылдың 14 қыркүйегінде Райымбек аудандық қоғамдық кеңесі отырысы өтті.

Райымбек аудандық қоғамдық кеңесінің 2021 жылға арналған жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде аудандық әкімдіктің үлкен залында өтті. Қоғамдық кеңесте 3 мәселе қаралды. Райымбек аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры С.Демеуовтің «Қылмыстың алдын алуда атқарып жатқан жұмыстары» туралы есебін баяндады. Ары қарай «Райымбек ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешім жобасы туралы аудан әкімі аппаратының заң және мемлекеттік - құқық бөлімінің бас инспекторы - Е.Керімбаев өз жұмысын алға тартты. Сондай-ақ Райымбек ауданының «Сәулет және қалақұрлысы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтер бойынша атқарған жұмыстары туралы ауданның «Сәулет және қалақұрылысы бөлімінің» мемлекеттік мекемесінің басшысы Д.Нұрғазы хабарлама жасады. Мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту және азаматтардың құқықтары мен мүдделерін бұзуға жол бермеу жөнінде нақты шаралар қабылдау қажет екендігін көрсете отырып, қоғамдық кеңес жиынының қортындысы бойынша бірқатар ұсынымдар қабылданды.

Райымбек ауданы әкімдігінің Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтетінінен хабардар етеміз

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының 14 бабына сәйкес, «Қоғамдық кеңестер туралы» және Қазақстан Республикасы Ақпараттық және әлеуметтік даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» № 69 бұйрығы бойынша, сіздерге 2021 жылдың 14 қыркүйегінде сағат 15:00-де Райымбек ауданы әкімдігінің Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтетінінен хабардар етеміз.

Райымбек ауданы әкімдігінің Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтетінінен хабардар етеміз

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының 14 бабына сәйкес, «Қоғамдық кеңестер туралы» және Қазақстан Республикасы Ақпараттық және әлеуметтік даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» № 69 бұйрығы бойынша, сіздерге 2021 жылдың 9 тамызында сағат 15:00-де Райымбек ауданы әкімдігінің Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтетінінен хабардар етеміз.

Санауыш

3832692
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Соңғы ай
Барлық уақытта
1066
1961
14671
3806918
56171
93483
3832692
Сіздің IP: 52.23.219.12
29-11-2021 15:15