Құдабаев Ерлан Әкімбайұлы 27 мамыр 1956 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданы Талас ауылында туылған. Ұлты - қазақ. Білімі – жоғары, мамандығы – зоотехник.

Еңбек жолын 1973 – 1975 жылдары Алматы облысы Нарынқол ауданы Киров атындағы колхозда колхозшы болып бастаған.

1975 - 1977 жылы Совет Армиясы қатарында әскери борышын өтеген. 1977 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданы Киров колхозында колхозшы болып істеген. 1978 жылы Алматы зоотехникалық малдәрігерлік иниститутына қабылданып, аталған институтты 1983 жылы бітірген. 1983 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданы Киров атындағы колхозда зоотехник – селекционер, 1986 жылдан аталған колхозда бас зоотехник болып істеген. 1985 жылы Москва қаласындағы Тимирязов академиясында білім жетілдіру курсында оқыған. 1988 жылы Тегістік совхозында партия ұйымының хатшысы, 1990 жылы Нарынқол аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы, Нарынқол аудандық партия комитетінің пленум, бюро мүшесі болып сайланған.            1991 жылы аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы. 1991 жылы Халық депутатары Нарынқол аудандық атқару комитетінде тексеру комиссиясының төрағасы болып істеп, бірнеше рет аудандық Кеңес депутаттығына сайланған. 1992 жылы Нарынқол аудандық агроөнеркәсіптік кешені қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы,      1992 жылы Тегістік ұжымдық шаруашылығының төрағасы, 1995 жылы Шәлкөде селолық округінің әкімі, 2000 жылы Қарасаз селолық округінің әкімі, 2000 – 2003 жылдары Шәлкөде селолық округінен құрылған «Бек» шаруа қожалығында зоотехник, кейін 2003 жылы Шәлкөде селолық округі әкімі аппаратының бас маман- іс басқарушысы,             2008 – 2011 жылдары Райымбек ауданы Шәлкөде селолық округінің әкімі болып қызмет атқарған. 2012 жылы 23 қаңтарда бесінші сайланған Райымбек аудандық мәслихатының хатшысы болып сайланған. 24 наурыз 2016 жылдан алтыншы сайланған Райымбек аудандық мәслихатының хатшысы.

15 қаңтар 2021 жылдан жетінші сайланған Райымбек аудандық мәслихатының хатшысы.

І, V, VI, VII сайланған Райымбек аудандық мәслихатының депутаты.

«Nur Otan» партиясының мүшесі. Депутаттыққа кандидаттыққа «Nur Otan» партиясы ұсынған.

1983 жылы Қаз ССР- і оқу министрлігінің «Құрмет» грамотасымен, 1987 жылы Бүкіл Одақтық кәсіподақтарының ХVІІІ – съезінің делегаты болып сайланған, 2011 жылы Қазақстан Республикасы «Тәуелсіздігіне 20 жыл», 2014 жылы «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл», 2016 жылы «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл»  мерекелік медалдарымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет Грамотасымен, Райымбек ауданы әкімінің бірнеше «Құрмет» грамотасымен марапатталған.

Отбасылы, 5 баласы бар.

Анонстар

2021 жылдың 14 қыркүйегінде Райымбек аудандық қоғамдық кеңесі отырысы өтті.

Райымбек аудандық қоғамдық кеңесінің 2021 жылға арналған жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде аудандық әкімдіктің үлкен залында өтті. Қоғамдық кеңесте 3 мәселе қаралды. Райымбек аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры С.Демеуовтің «Қылмыстың алдын алуда атқарып жатқан жұмыстары» туралы есебін баяндады. Ары қарай «Райымбек ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешім жобасы туралы аудан әкімі аппаратының заң және мемлекеттік - құқық бөлімінің бас инспекторы - Е.Керімбаев өз жұмысын алға тартты. Сондай-ақ Райымбек ауданының «Сәулет және қалақұрлысы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтер бойынша атқарған жұмыстары туралы ауданның «Сәулет және қалақұрылысы бөлімінің» мемлекеттік мекемесінің басшысы Д.Нұрғазы хабарлама жасады. Мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту және азаматтардың құқықтары мен мүдделерін бұзуға жол бермеу жөнінде нақты шаралар қабылдау қажет екендігін көрсете отырып, қоғамдық кеңес жиынының қортындысы бойынша бірқатар ұсынымдар қабылданды.

Райымбек ауданы әкімдігінің Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтетінінен хабардар етеміз

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының 14 бабына сәйкес, «Қоғамдық кеңестер туралы» және Қазақстан Республикасы Ақпараттық және әлеуметтік даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» № 69 бұйрығы бойынша, сіздерге 2021 жылдың 14 қыркүйегінде сағат 15:00-де Райымбек ауданы әкімдігінің Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтетінінен хабардар етеміз.

Райымбек ауданы әкімдігінің Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтетінінен хабардар етеміз

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының 14 бабына сәйкес, «Қоғамдық кеңестер туралы» және Қазақстан Республикасы Ақпараттық және әлеуметтік даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» № 69 бұйрығы бойынша, сіздерге 2021 жылдың 9 тамызында сағат 15:00-де Райымбек ауданы әкімдігінің Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтетінінен хабардар етеміз.

Санауыш

3977919
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Соңғы ай
Барлық уақытта
357
1201
28932
3942654
39362
103550
3977919
Сіздің IP: 54.91.62.236
17-01-2022 04:10