1. Жалпы ережелер
    1. «Райымбек аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі аудандық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметiн қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
    2. «Райымбек аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
    3. «Райымбек аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
    4. «Райымбек аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
    5. «Райымбек аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
    6. «Райымбек аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Райымбек аудандық мәслихаты хатшысының өкімдерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
    7. «Райымбек аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
    8. Заңды тұлғаның орналасқан жері – Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген селосы, Б.Момышұлы көшесі 19 «а» үй, индекс 041400.
    9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Райымбек аудандық мәслихатының аппараты».
    10. Осы Ереже «Райымбек аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
    11. «Райымбек аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Райымбек ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
    12. «Райымбек аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Райымбек аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
  2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
    1. «Райымбек аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудандық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметiн қамтамасыз ету.
    2. Міндеттері:
      • аудандық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметiн ұйымдастыру, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау қамтамасыз ету;
      • аудандық мәслихатпен қабылданатын шешімдердің қолданыстағы заңнамаға сәйкес келуін қамтамасыз ету;
      • аудандық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
      • аудандық мәслихаттың және оның органдарының қызметі жөнінде халықтың хабардар етілуін қамтамасыз ету;
      • аудандық мәслихаттың және оның органдарының бақылау функцияларының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
      • аудандық мәслихаттың ақпараттық технологияларын жетілдіру; 7) аудандық мәслихат аппараты қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылатылуын және қайта даярлануын қамтамасыз ету.
    3. Функциялары:
      • аудандық мәслихаттың депутаттарына ұйымдастыру, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау қызметтерін көрсету;
      • аудандық мәслихаттың қарауына енгізілетін нормативтік-құқықтық актілердің және өзге де шешімдердің қолданыстағы заңнамаға сәйкес келуін қадағалау, аудандық мәслихатпен қабылданған нормативтік-құқықтық актілердің мониторингін жүргізу;
      • аудандық мәслихаттың қызметін қамтамасыз ету шығындарын анықтау, депутаттарды қажетті кеңсе керек-жарақтарымен және депутаттық қызметті жүзеге асыру үшін өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;
      • аудандық мәслихаттың және оның органдарының қызметі жөніндегі ақпараттың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз ету, аудандық мәслихатпен қабылданған нормативтік-құқықтық актілерді жариялау;
      • атқарушы органдар басшыларының есептерін жинақтау, түскен ақпаратты талдау, өз қызметі жөнінде аудандық мәслихат депутаттары алдында есеп беретін мемлекеттік органдардың қызметі жөнінде анықтамалар әзірлеу;
      • аудандық мәслихат аппаратының ресми сайтын аудандық мәслихаттың қызметі жөніндегі ақпаратпен толықтыру және оның бөліктерінің жұмысын қамтамасыз ету;
      • аудандық мәслихат аппараты қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату курстарына жіберу.
    4. Құқықтары мен міндеттері:
      • мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты, анықтамаларды, есептерді, шешім жобаларын, нормативтік-құқықтық актілер жобаларының баспасөз ақпарат құралдарында жариялануы жөніндегі деректерді, ғылыми зерттеу және эксперттік кеңес қорытындыларын, ұсынылып отырған шешімдер жобалары бойынша қажетті келісімдерді және өткізілгелі отырған аудандық мәслихат сессияларының, тұрақты (уақытша) комиссияларының күн тәртібі бойынша өзге де қажетті құжаттарды белгіленген тәртіппен сұрауға, аудандық мәслихаттың құзырына кіретін мәселелерді пысықтауға мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;
      • депутаттық сауалдардың және депутаттық ұсыныстардың мерзімінде қаралуын және орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдарға және мекемелерге ұсыныстар жолдау;
      • аудандық мәслихатқа жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралу мерзімдеріне және нәтижелеріне бақылау жасау;
      • лауазымды тұлғаларға және мемлекеттік органдарға аудандық мәслихаттың құзырына кіретін мәселелер бойынша консультативтік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастыру-техникалық және өзге де көмектер көрсету;
      • аудандық мәслихат сессияларының және тұрақты комиссиялары отырыстарының хаттамаларының жүргізілуін қамтамасыз ету.
  3. Мемлекеттік орган қызметін ұйымдастыру
    1. «Райымбек аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын аудандық мәслихаттың хатшысы жүзеге асырады.
    2. Мәслихаттың хатшысын мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады.
    3. Аудандық мәслихат хатшысының өкілеттігі:
      • мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
      • мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегi жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
      • депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
      • мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      • сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
      • мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
      • өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
      • мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметiн үйлестiредi;
      • мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;
      • мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
      • мәслихат шешiмi бойынша өзге де мiндеттердi орындайды. Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады. 20. Аудандық мәслихаттың аппаратын аудандық мәслихаттың хатшысымен қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аппарат басшысы басқарады.
  4. Мемлекеттік органның мүлкi
    1. «Райымбек аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін. Райымбек аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
    2. «Райымбек аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
    3. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Райымбек аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
  5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
    1. «Райымбек аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Интерактивті сұрақ

Сіздің округіңізден сайланған депутатты танисыз ба?

Анонстар

Санауыш

530929
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Соңғы ай
Барлық уақытта
703
2280
6603
511636
23073
34043
530929
Сіздің IP: 54.159.91.117
17-06-2018 21:37

Райымбек ауданының сайлау округтері

Для отображения блока требуется Flash Player
 

2013. Все права защищены. Публикация материалов сайта только с разрешения Маслихата Райымбекского района