Райымбек аудандық Мәслихатының депутаты

№ 12 Текес сайлау округі

1963 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданы Текес ауылында туылған. 1981-1983 жылдары Кеңес Әскері қатарында әскери қызмет етті. 1991 жылы Еңбек Қызыл Ту Орденді Қазақ ауылшаруашылығы институтын «ғалым агроном» мамандығы бойынша бітірген.1993 жылы тәжірибеалмасу мақсатында Голландияда фермерлік мектебінде білімін жетілдірген.

Еңбек жолын 1991 жылы Нарынқол ауданы К.Маркс атындағы картоп өсіру совхозындабас агроном қызметінен бастаған. 1993 жылдан бастап «Өрнек» шаруа қожалығының директоры қызметін атқарды. 1995жылы «Жібек жолы» компаниясында туризм саласы жөніндегі директордың орынбасары, кейін «Жаңа жол» компаниясының директоры қызметтерін атқарды. 1999 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Өркен» шаруа қожалығының директоры лауазымын атқаруда.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Талғат Жоспарханұлы, ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласады.Райымбек аудандық Мәслихатының ІІІ, IV және V шақырылымдар депутаты. Райымбек аудандық мәслихатының жергілікті өзін-өзі басқару, қаржы және бюджет, экономикалық саясат, инновациялық даму, кәсіпкерлік, туризм, аграрлық мәселелер, экология, табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

Ауданның әлеуметтік-экономикасын дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медальдерімен және Алматы облысы әкімінің «Облыстың ең үздік фермері» грамотасымен, «Тұрар Рысқұлов» Қоғамдық қорының «Ауыл еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Райымбек аудандық Мәслихатының депутаты

№13 Сарыжаз сайлау округі

1981 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданы Сарыжаз ауылында туылған. 2003 жылы Қазақ Мемлекеттік Аграрлық университетінің «Агроном» мамандығын, 2010 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін тарих мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы №8 кәсіптік мектепте оқу шаруашылығына жұмыскер болып бастаған. 2003-2004 оқу жылы «Алғашқы әскери дайындық» пәні мұғалімі, 2010 жылы психолог, 2011 жылдан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2014 жылдан директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары лауазымында қызмет атқаруда.

Самат Сартаубайұлы, жергілікті тұрғындармен етене араласып, олардың мұң-мұқтажын бірге шешуге тырысқандығынан, халық қалаулысы ретінде Райымбек аудандық мәслихатының VІ шақырылымдарында депутат болып сайланған. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Райымбек аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, құқық, қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

Самат Мүсірбаевтың ұсынысымен Сарыжаз ауылындағы жаңадан салынған Сарыжаз орта мектебінің салынуына себепші болды. Райымбек аудандық мәслихатының қызметіне, «Нұр Отан» партиясы фракция жұмысына, аудан көлеміндегі өткізілетін қоғамдық-саяси шараларға белсене атсалысады. Қоғамдық жұмыстарға белсенді араласқаны үшін «Тұрар Рысқұлов» Қоғамдық қорының «Ауыл еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Райымбек аудандық Мәслихатының депутаты

№11 Жамбыл сайлау округі

1991 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданы Жамбыл ауылында туылған. 2013 жылы Қ. Сатбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетінің «Мұнай-газ ісі», 2018 жылы Тараз қаласындағы «Аймақтық әлеуметтік инновациялық» университетін математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2016 жылдан С. Әшімбаев атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі.

Дидар Ерназарұлы, жергілікті тұрғындармен етене араласып, олардың мұң-мұқтажын бірге шешуге тырысқандығынан, халық қалаулысы ретінде Райымбек аудандық мәслихатының VІ шақырылымдарында депутат болып сайланған. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Райымбек аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, құқық, қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

Дидар Ерназарұлы «Нұр Отан» партиясының бірқатар жобаларын іске асыруда белсенді жұмыстар атқаруда. Атап айтқанда «Ардагерлерді ардақтайды», «Бақытты балалық шақ-бақытты отбасы», «Жастар Отанға» партиялық жобаларын іске асыруда еңбек етіп келеді. Райымбек аудандық мәслихатының қызметіне, «Нұр Отан» партиясы фракция жұмысына, аудан көлеміндегі өткізілетін қоғамдық-саяси шараларға белсене атсалысады. Қоғамдық жұмыстарға белсенді араласқаны үшін «Тұрар Рысқұлов» Қоғамдық қорының «Ауыл еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Райымбека удандық Мәслихатының депутаты

№10 Хантәңірі сайлау округі

1966 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданы Нарынқол ауылында туылған. 1984-1986 жылдары Кеңес әскері қатарында әскери қызмет етті. Алматы қаласындағы республикалық медицина училищесін бітірген. Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «агроном» мамандығын алып шықты.

Еңбек жолын Алматы қаласындағы Медеу аудандық ауруханасында фельдшерден бастаған. Кейін фельдшерлік қызметін Нарынқол аудандық ауруханасында жалғастырады. Тәуелсіздіктің тізгінін нық ұстаған мемлекеттің экономикасына өзіндік үлес қосу үшін Қуанышбек Бошығұлов, кәсіпкерлікпен айналысуды жөн көрді. Бүгінде «Акбота» шаруа қожалығын құрып, белді кәсіпкерлердің қатарындағы азаматтың бірі. 2013 жылы туған ауылындаавто көлік жанар-жағар май бекетін ашып, қосымша жұмыс орындарын ашты.

Райымбек аудандық мәслихатының жергілікті өзін-өзі басқару, қаржы және бюджет, экономикалық саясат, инновациялық даму, кәсіпкерлік, туризм, аграрлық мәселелер, экология, табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

«НұрОтан» партиясының мүшесі. 2012 жылдан бастап Райымбек аудандық Мәслихатының V шақырылым депутаты. Депутаттық өкілеттігінде өндіріс, құрылыс, көлік,байланыс, коммуникация, ауыл шаруашылығыөндірісі мен жер қатынастарын реттеу, қоршағанортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі. Халық қалаулысы ретінде ауданның мәдени және спорттық шараларынөткізуге ат салысып, жастардың салауатты өмірсалтын ұстануын қолдайды.

Ауданның экономикасын дамытуға қосқан өзіндік үлесі үшін «Сауда үздігі» белгісімен, Райымбек ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен, «Тұрар Рысқұлов» Қоғамдық қорының «Ауыл еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

.

Райымбек аудандық Мәслихатының депутаты

№16 Сүмбе сайлау округі

1961 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданы Сүмбе ауылында туылған. 1984 жылы Алматының зоотехникалық малдәрігерлік институтын «малдәрігері» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1978 жылы Абай атындағы картоп совхозында жұмысшы болып бастаған. 1984 жылдан Қызыл-Шекара қой совхозының малдәрігері, 1986 жылы Көксай қой совхозының малдәрігері, 1986-1995 жылдары Абай атындағы картоп совхозының малдәрігері, 1995-2010 жылдары «Ақбұлақ» шаруа қожалығының төрағасы, 2010-2014 жылдары Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маман-мал дәрігері, 2014 жылдың шілде айынан Сүмбе ауылдық округінің ветеринариялық пунктінің мал дәрігері болып қызмет атқарады.

Елжан Кәдірахманұлы, жергілікті тұрғындармен етене араласып, олардың мұң-мұқтажын бірге шешуге тырысқандығынан, халық қалаулысы ретінде Райымбек аудандық мәслихатының VІ шақырылымдарында депутат болып сайланған. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Райымбек аудандық мәслихатының жергілікті өзін-өзі басқару, қаржы және бюджет, экономикалық саясат, инновациялық даму, кәсіпкерлік, туризм, аграрлық мәселелер, экология, табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

Елжан Кәдірахманұлының ұсынысымен Сүмбе-Нарынқол 37 км автомобиль жолы ағымдағы жөндеуден, Сүмбе ауылындағы көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жасалынды. Қақпақ ауылындағы ауыз су мәселесі жоспарға енді. Райымбек аудандық мәслихатының қызметіне, «Нұр Отан» партиясы фракция жұмысына, аудан көлеміндегі өткізілетін қоғамдық-саяси шараларға белсене атсалысады. Қоғамдық жұмыстарға белсенді араласқаны үшін «Тұрар Рысқұлов» Қоғамдық қорының «Ауыл еңбегі үшін» медалімен, 2010 жылы Алматы облыстық ауылшаруашылығы басқармасының құрмет грамотасымен марапатталған.

Райымбек аудандық Мәслихатының депутаты

№15 Сарыбастау сайлау округі

aliev-nurbol1963 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданы Көксай ауылында туылған. 1986 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту Орденді ауылшаруашылығы институтын «орман шаруашылығының инженері» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1986жылы Нарынқол аудандық орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің Шәлкөде орманшылығында орман шебері лауазымынан бастаған.1995 жылдан бастап Шәлкөде орманшылығында орманшы қызметін атқарды.1998 жылдан бері Нарынқол аудандық орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінде қызмет атқаруда. Мұндағы қызметін бас орманшыдан бастап, директордың орынбасары, 2007 жылдан бері, Нарынқол аудандық орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымында қызмет атқаруда.

Райымбек аудандық мәслихатының жергілікті өзін-өзі басқару, қаржы және бюджет, экономикалық саясат, инновациялық даму, кәсіпкерлік, туризм, аграрлық мәселелер, экология, табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

Нұрбол Мәжитұлы, жергілікті тұрғындармен етене араласып, олардың мұң-мұқтажын бірге шешуге тырысқандығынан, халық қалаулысы ретінде Райымбек аудандық Мәслихатының ІІІ, ІV және V шақырылымдарында депутатболып сайланған. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Әлиев Нұрболдың ұсынысымен Сарыбастау ауылындағы мәдениет ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен қаржы бөлуге себепші болды. Бүгінде аудандағы Сарыбастау және Талас ауылдарындағы байланыс жүйелеріне жүргізіліп отырған жөндеу жұмыстарын тікелей қадағалаудың нәтижесінде, байланыс торабы тұрақты деңгейде атқарылуда. Қоғамдық жұмыстарға белсенді араласқаны үшін «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Тұрар Рысқұлов» Қоғамдық қорының «Ауыл еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Интерактивті сұрақ

Сіздің округіңізден сайланған депутатты танисыз ба?

Анонстар

Санауыш

732175
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Соңғы ай
Барлық уақытта
381
882
10794
707912
24263
53086
732175
Сіздің IP: 54.224.89.34
15-10-2018 10:27

Райымбек ауданының сайлау округтері

Для отображения блока требуется Flash Player
 

2013. Все права защищены. Публикация материалов сайта только с разрешения Маслихата Райымбекского района